Енді азаматтар бір-екі рет шертіп, сапасыз қызмет көрсетуге шағымдануға мүмкіндік алды

Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа механизмі енгізілді. «EgovKZBot2.0» бот-платформасы арқылы осыған ұқсас шағым беру немесе бюрократияны азайту, бизнес-процестерді жеңілдету бойынша ұсыныс енгізу мүмкін болды.
Азаматтар үшін осындай ыңғайлы функцияның бастамашысы және әзірлеушісі Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болды.
Функцияны пайдалану оңай, арнайы дағдыларды қажет етпейді және пайдаланушыға ыңғайлы интерфейсі бар. Енді, егер мемлекеттік қызметтерді алу кезінде проблемалық мәселелер туындаса, азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram ботына қызмет көрсетушінің деректерін енгізіп, өз ескертулерін, ұсыныстарын немесе шағымдарын жолдаса болғаны.
Сіз шағым жасай аласыз, оның ішінде қажетсіз құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе қызметтерді уақтылы көрсетпеу және т.б.
Барлық түскен арыз-шағымдар мен ұсыныстар қаралып, кері байланыс беріліп, мәселелер жауапты тұлғалармен тез арада шешіледі.

Қ Р ӘМҚ — баспасөз қызметі.

ГКП на ПХВ Мунайлинская районная больница
Average rating:  
 0 reviews

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *