Мемлекеттік көрсетілетін қызмет.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу барысында өз құқықтарын білу тиіс. Атап айтқанда:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы толық және сенімді ақпарат алу;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу;
3) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық және (немесе) қағаз нысанында алу;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау туралы талаппен сотқа жүгіну құқығы.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру барысында:
1) мемлекеттік қызметті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетуге;
2) мүмкіндіктері шектелген тұлғаларға қажетті жағдайлар жасауға;
3) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы толық және сенімді ақпаратты қолжетімді түрде ұсынуға;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты, соның ішінде ақпараттық жүйелерін біріктіру арқылы ұсынуға;
5) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарастыруға және оларды қарастыру нәтижесі туралы хабарлауға;
6) көрсетілетін қызметті алушылардың сұрауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындау сатысы туралы хабарлауға;
7) бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдауға;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу барысында ақпараттық жүйелердің ішіндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан оның жазба түріндегі келісімін алуға міндетті.
Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану:
Мыналардың:
1. жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2. заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.


