АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай және “Ардагерлер туралы” Заңға сәйкес ҰОС ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қызмет көрсетілуге және ауруханаға кезектен тыс жатқызылуға, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бiлiктi медициналық көмек алуға құқылы.

Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған сардарлар мен сарбаздар ерлігі қашанда ел есінде. Оларға көрсетілер құрмет те ерекше. Алдағы келе жатқан мерекелерге байланысты және осындай мерекелердің маңыздылығын ескере отырып,
28 сәуір — 2 мамыр аралығында өтетін апталық аясында Мұнайлы аудандық ауруханасына тиесілі медициналық ұйымдардың қызметкерлері аудандағы тыл және ауған соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, айтулы мерекемен құттықтады.

Солардың бірі — Маңғыстау-3 ауылының тұрғыны, “Ауған соғысының” ардагері Ізбасар Кемаловқа да арнайы барып, кішігірім сый-құрметтерін табыстап, денсаулық жағдайларын қадағалап қайтты.

ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Average rating:  
 0 reviews

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *