БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТІ ЕКПЕЛЕР: ЕКПЕ ЕГУ КЕСТЕСІ

Вакциналар вирустық A және B гепатиттері, b типті гемофилді инфекция, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, пневмококкты инфекция, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит (мысқыл ауруы) және басқа да қауіпті аурулардан қорғайды.

Вакцина сәбиге перзентханада жатқан кезінде-ақ салына бастайды.

  • Перзентханада нәрестеге туберкулезге (БЦЖ) және B гепатитіне қарсы екпе егіледі. 2 айлық кезінде емханада балаға көкжөтел, дифтерия, сіреспеге қарсы кешенді вакцина (АКДС), сондай-ақ B гепатиті, полиомиелит, b типті гемофилді инфекция және пневмококкты инфекцияға қарсы екпе салынады. 3 айында АКДС, полиомиелит және b типті гемофилді инфекцияға ревакцинация жасалады. 4 айында осы ауруларға қарсы үшінші рет екпе егіліп, пневмококкты инфекцияға қайтадан вакцина жасалады.

12-15 айлық кезінде балаға қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, полиомиелит және пневмококкты инфекцияға қарсы екпе егіледі.

1,5 жасында АКДС, полиомиелит және b типті гемофилді инфекцияға ревакциналау жүргізіледі.

6 жасында қызылша, қызамық және паротитке қарсы қайта вакциналау жасалады.

11 және 11 жас 6 айында адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина салынады, ол жатыр мойны қатерлі ісігі және осы вирусқа байланысты басқа да онкологиялық аурулардан қорғайды.

16 жасында сіреспе мен дифтерияға қарсы (АДС-м) екпе егіледі, оны одан әрі 10 жыл сайын қайталап жасату қажет.

Екпе балаларды жұқпалы аурудың ауыр түрінен қорғайды, бұл аурулар күрделі асқынуға, ұзаққа созылатын салдарға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

  • Вакциналау — қауіпті аурудың алдын алудың ең тиімді тәсілі. Ата-ана баланың мемлекеттік немесе жеке клиникаға тіркелуіне қарамастан, барлық міндетті екпенің тегін жүргізілетінін ұмытпауы тиіс.

Уақтылы вакциналау — әр баланың денсаулығы мен инфекциядан қорғанысының кепілі.#вакцинация #вакцинациядетей

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *