⚜ Құрметті Мұнайлы ауданының тұрғындары!
2025 жылдың 26 қыркүйегінен бастап облыс аумағында тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталады. Сіздерді осы маңызды шараға белсенді қатысуға шақырамыз!
Тұмауға қарсы екпенің маңыздылығы неде?
- Вакцинация – тұмаудың алдын алудың ең тиімді және қауіпсіз жолы.
- Екпе ағзаның иммундық жүйесін күшейтіп, вирусты жұқтыру және ауыр түрімен ауыру қаупін төмендетеді.
- Созылмалы аурулары бар адамдар, балалар, қарттар мен жүкті әйелдер үшін тұмау аса қауіпті. Сондықтан екпе – олардың денсаулығын қорғаудың маңызды құралы.
- Вакцина тек өзіңізді ғана емес, жақындарыңызды да қорғауға көмектеседі.
Екпе алу үшін не істеу керек?
Өз емханаңызға немесе тіркелген алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемесіне барып, вакцина алыңыз. Екпе тегін жүргізіледі.
Уақтылы екпе алып, өз денсаулығыңызды қорғаңыз!
