МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТ

Тыл және Ауған соғысының ардагерлері
К.Елеуова, С.Минбаева, К.Бадашовты Қызылтөбе-1 МСАКО медициналық қызметкерлері — психолог маманы, отбасылық медбикелері мен скрининг медбикелері үйлеріне барып алда келе жатқан Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

Диспансерлік есепте тұратын ардагерлерді медициналық тексеруден өткізіп, денсаулық мектептері бойынша өмір сапасын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде ардагерлер де соғыс жылдарының естелігімен бөлісіп, Қазақстан халқына, болашақ ұрпаққа, ел-жерімізге тек тыныштық, бейбітшілік пен бейқам өмір тіледі.

Өмір көрген үш ардагердіі алды 95 жасын тойласа, қалған екеуі 90 және 70 жасқа толып отыр.

ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Average rating:  
 0 reviews

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *