АУДАН ДӘРІГЕРЛЕРІ ҮЗДІК АТАНДЫ


Алматы қаласында 23-24 қазан күндері
«Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік практика орталықтары — өзгерістер жолсеріктері» атты
халықаралық конгресс өткен болатын. Бұл шара денсаулық сақтау саласындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің үздік тәжірибелерін зерттеп, оларды бөлісу мақсатында ұйымдастырылды.
Конгресске Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Еуропа елдеріндегі Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының алғашқы — медициналық санитарлық көмектің басшылары, медициналық көмекті жетілдіру жолдарын талқылап, жаңа әдістер мен технологиялармен танысуда. Мұндай іс-шаралар денсаулық сақтау жүйесін
жақсартуға және пациенттердің өмір сапасын арттыруға ықпал етпек.
Аталған конгресске Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров, Маңғыстау
облысындағы медициналық ұйымдардың директорлары, эксперт мамандар, психологтар мен тәжірибелі дәрігерлер қатысты.
Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының директоры Досжанова Жанар Есенғалиқызы халықаралық конгрессте «МСАК Үздік жобасы» және
«Отбасы дәрігерінің үздік мультидисциплинарлық командасы» номинациясымен жоғары жетістіктері
үшін» — «Primary Health Care» Ұлттық
Ассоциациясының Президенті, Профессор Рахыпбеков Толебай Косиябекұлы атынан дипломмен марапатталды.

ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Average rating:  
 0 reviews

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *