Астана мен Алматыдан келген дәрігерлер Маңғыстау тұрғындарын тегін қабылдайды

23-26 шілде аралығында Маңғыстауға «ҚР Президентінің Іс басқармасынан» дәрігерлер келеді. Сапардың басты мақсаты – аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу. Денсаулықты жақсарту саласында заманауи әдістер арқылы тәжірибе алмасу, сондай-ақ облыстағы медициналық мекемелермен ғылыми және клиникалық ынтымақтастықты кеңейту, — деп хабарлайды МОКА баспасөз қызметі.

Жоғары білікті мамандар аймақ тұрғындарына тегін практикалық, консультативтік және әдістемелік көмек көрсетіп, облыстағы медициналық мекемелерде тәжірибелік сабақтар мен шеберлік сағатын өткізеді.

✅ Сонымен қатар Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында науқастарды тегін қабылдайды:

•⁠ ⁠23 шілдеде ҚР ПІБ Медициналық орталығынан келген эпилептолог-дәрігер Ғазиз Қырғызбай науқастарды сағат 09:00-ден 16:30-ға дейін қабылдайды (науқастар ЭЭГ және МРТ болған жағдайда ғана қабылданады);

•23 шілдеде Алматы қаласындағы «Ұлттық госпитальдің» эндокринолог дәрігері Әсем Ибраева сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін кеңес береді.

•24 шілдеде Ұлттық госпитальдің пульмонолог дәрігері Бибінұр Рахметова сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін кеңес береді.

•⁠ ⁠25 шілдеде сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін «Ұлттық госпитальдің» профессоры, м.ғ.к., доцент, кардиолог-дәрігер Қайрат Кәрібаев кеңес береді.

•⁠ ⁠25 шілдеде ҚР ПІБ Медициналық ауруханасындағы аллергологиялық орталықтың дәрігері Ботагөз Давлетова кеңес береді. Қабылдау сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін жүргізіледі.

•⁠ ⁠25 шілдеде ҚР ПІБ Медициналық орталығы 4-хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі уролог дәрігер Бақтияр Қасымов сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін консультация береді.

☎️ Дәрігердің қабылдауына жазылу үшін алдын ала 8 (7292) 210 317 нөміріне хабарласыңыз.

ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Average rating:  
 0 reviews

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *