28.03.2024жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі – Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында орналасқан медициналық нысандарға баруды жалғастырды.

Денсаулық сақтау министрі Мұнайлы ауданында жаңадан салынып жатқан 150-төсектік аурухананы қарау барысында, С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшыс – Құлкаева Гүлнара Өтепбергенқызына оңтайландыру жұмыстарын жүргізу бойынша әдістемелік қолдау беруді тапсырды. Мердігер мекеме басшысы 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін құрылыс нысанын аяқтауға уәде берді.
Жаңадан салынып жатқан 150-төсектік аурухана ғимаратында терапия, хирургия, жұқпалы аурулар және балаларға арналған бөлімшелер, перзентхана және зертхана орналасатыны туралы баяндалды.

Денсаулық сақтау министрі – Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызымен «Мұнайлы аудандық ауруханасының» ШЖҚ МКК Аудандық емханадағы медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсету жұмыстарымен танысу барысында тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.
Балаларды дамыту кабинетінің қарау барысында, қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі, балалардың «Психофизикалық скринингін» уақытылы жүргізуін және психофизикалық дамуының бұзылыстарын ерте жаста анықтауды тапсырды.
Әрі қарай Денсаулық сақтау министрімен патронаждық қызметтің әмбебап прогрессивті модель аясында қызмет атқаратын мейірбикелердің жұмыстары жүйелі жүргізу нәтижесінде «Сәби өлімі» көрсеткішінің төмендеуіне байланысты, медицина қызметкерлеріне ерекше алғыс білдірді және осы бағытта жұмыстарды әрі қарай жалғастыруды тапсырды.

Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы – ауруларды басқару бағдарламасының кабинетінде жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысты. Медицина қызметкерлерімен халыққа қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында, қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

ШЖҚ МКК "МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ"
Average rating:  
 0 reviews

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *